Бұған дейін ресейлік "ЛДПР" партиясының көшбасшысы Владимир Жириновский "Назарбаев қайтыс болды деп ойлаймын. Соңғы оқиғаларды ескерсек, адам бұлай тып-тыныш жасырынып жүре алмайды" деген болатын "Комсомольская правда" радиосынан. Бұған Қазақстан билігі еш жауап қатпады.
"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бұл қауесетті растамады және жоққа да шығармады. Ол "РБК" тілшілеріне берген мәліметінде бұған қатысты нақты ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.
Қалай болғанда да, Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілікке неге көрінбейтіні әзірге жұмбақ күйде қалып отыр. Еліміздің тұңғыш президентін 28 желтоқсаннан бері ешкім көрмеген.