«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтіледі. Домбыра - әлемдегі ең көне аспаптардың бірі, халқымыздың баға жетпес байлығы. Бұл ұлттық мәдени бірегейліктің маңызды элементі. Күй – қазақ халқының ұлттың өнері, олар күй арқылы қуаныш пен қайғыны жеткізген.