RSS лента

Ерлан Қошанов «Теңізшевройл» ЖШС бас директорын қабылдады

  • 05.07.2023, 10:25,
  • 377
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mazhilis_kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лион бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Мәжіліс спикері сайланымның басында Мәжілісте «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткенін еске салды. Одан кейін тараптар сайлау науқаны кезінде көтерген Жылыой ауданы, Доссор және Құлсары тұрғындарының мәселелерін талқылады. Спикер ТШО жергілікті тұрғындардың көтерген мәселесіне мұқият болып, оларды шешуге бар күш-жігерін салуы керектігін баса айтты. Бұл сұрақтар Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында. Мәселе, ең алдымен, ауысым мерзімін 28 күннен 14 күнге дейін қысқарту туралы болып отыр.


Өз кезегінде ТШО бас директоры қызметкерлердің қауіпсіздігі компания саясатындағы басымдық болып қала беретінін алға тартты. Атмосфераға шығарындыларды азайту, қалдықтарды тиімді басқару және қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық жобалар, сондай-ақ «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында өңірді дамыту жобалары туралы айтты.


«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Жылыой ауданы тұрғындарының өтінішіне орай компания жаңа келісімшарттарға ауысым мерзімін мердігерлердің өздері анықтауға мүмкіндік беретін норманы енгізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.


Сондай-ақ спикер депутаттық корпус пен «Теңізшевройл» ЖШС кіретін әлеуметтік-жауапты компаниялар арасындағы өзара әрекеттестік тұрақты сипатқа ие болуы қажеттігін айтты. Ол депутаттардың өңірдің дамуы мен еңбек жағдайына қатысты мәселелерді Парламенттің жаңа сессиясында көтеруге ниетті екенін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости