Ерлан Қошановтың баяндамасынан:
- сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды;
- қазіргі уақытта депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, Тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар;
- сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады;
- жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді;
- Мәжіліс Төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтты;
- Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.