Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.
Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.
Сондай-ақ, алдын ала ақпарат бойынша «Шеврон» басшысы Атырауға арнайы барып, ондағы бірлескен жобалардың қалай жүзеге асып жатқанн өз көзімен көруді жоспарлап отыр.