ҚР Үкіметі орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезінде қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделуде.