"Қазіргі уақытта орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс жоқ. Оларды іздеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ыстық ауа-райы шығыс өңірдегі Батпаев орманшылығында орман өртінің қайта тұтануына әкелді. Өртке қарсы қызметтердің жұмысын күшті жел де қиындатып, тілсіз жаудың жаңа учаскелерге тез таралуына әсер етуде.