Бұл туралы бүгін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, 9 маусымда Маңғыстау облысында «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында «Күйкентау» жерінен өлі барыс табылды. Жыртқыш өлген жерге келген мамандар оның денесінде жарақат, қару-жарақтың іздері жоқ екенін анықтады.
«Барыстың өлексесін сараптама үшін Атырауға жеткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат сараптама нәтижесі дайын болғанда берілетін болады» делінген еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.
Өлі барысты жергілікті тұрғындар 9 маусымға қараған түні тапқан. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы хабарлады. Бұл жер Ақтаудан шамамен 300-350 км қашықтықта орналасқан.