Естеріңізге сала кетейік, спортшының қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан видеосы желіде тарап, қолданушылардың наразылығын тудырған еді. Осыған байланысты, Астана Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жүргізіліп жатқан туралы хабарлаған еді.