Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің telegram-арнасында Алматыда белгісіз қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видеосын жариялады. “Не молчи” қорының айтуынша бұл қызды жыныстық құлдыққа тарту үшін, ұрып-соғып, зорлап қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицейлер жәбірленуші талап етуден бас тартқандықтан істі мұрағатқа жіберген.
“Ауылдан келген жас қыздар осылайша жыныстық құлдыққа тартылады. Алдымен ұрып-соғады, қорқытады, сосын зорлайды, видеоға түсіреді, масқара деп қорқытады. Тағы да ұрып-соғудан қорқып, қыздар өздерінен талап етілгеннің бәрін жасайды. Осылайша қыздар олардың құлдығына түседі", - деді бейнероликті сүйемелдейтін басылым.
Алматы полиция департаменті жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомстводан бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Объективті мән-жайлар анықталуда. Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы басқарма басшылығының бақылауында", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.