Полиция істі тергеуге алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның жай-жапсарын баяндады. Оның сөзінше, оқиға Алматы облысының Есік қаласында болған. Әкесі бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған екі қызын кезекпен кезек зорлап келген.
“Әкесі алдымен үлкен қызын зорлаған, сосын кішісін! Жауыз түрде.
Жылдар бойы олармен жыныстық қатынасқа түскен!”, – деп жазды журналист.
Қыздардың анасы білген, бірақ үнсіз қалған.
"Қыздар есейгенше шыдады. Ақша жинап, құрбыма қашып келді. Зорлағаны туралы дәлел бар, қыздар жылдар бойы аудиожазбалар жинаған! Онда ол оңбағанның қыздарды қалай зорлағаны естіледі. Әкесінің аудандағы өте беделді тұлға екенін ескерсек, қыздар үшін қорқамын, ақшамен шешіп кетуі мүмкін”, – деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.