Мәслихат депутатының айтуынша, ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Әкесі демалыста балаларын өз үйіне алып кеткен екен.
"Ер адамды танитындар оны өзге ағымның жетегінде кеткен жігіт деп жазыпты. Ислам дінінде адам тұрмақ құмырсқаға қиянат жасауға болмайды. Осы орайда білім және құқық қорғау органдары бас болып, қоғамдық ұйымдар қосшы болып бірлесіп, өзге ағымдағы азаматтардың тізімін жасақтап, балаларын қадағалаған жөн-ау. Балалардан сауалнама алып, бақылауды қолға алса деген ұсынысым бар", - деп жазды Гүлмира Әбішева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Депуттатың айтуынша, мейлі ол алкоголь ішіп, есірткі шегіп алсын, мейлі ауруға ұшырасын, мейлі қиын жағдайға тап болсын, оның жасаған әрекеті еш ақтауға келмейді.
Сондай-ақ Гүлмира Әбішева жазаны күшейтуді және жат ағымдағыларға қатысты заңды қатаңдату керек деп жазды.
Еске салсақ, Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Ауылдастары айыптыны салафилік бағытта болғанын алға тартты.