"Өмір - ақ пен қара алмасқан, баң пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдармандарыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында. Өмір... Сахна... ", - деп уәде еткен Димаштың "Өмір" атты бейнебаянының тұсауы кесілді.
Бүгін әнші 29 жасқа толды. Еліміздің жарық жұлдызы, талантымен әлемді тәнті етіп, бағындырған Димаш Құдайбергенге шығармашылық табыс пен толассыз шабыт тілеміз.