Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің желідегі парақшасында қазақ халқынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Қазақ елі көптен күткен қуаныш. Зейін деген азамат дүниеге келді. Бауы берік болсын, ағайын! Роза Қуанышқызы аппақ әже атанды, немерелі болды", – деп жазды өнер иесі.
Алайда Роза Қуанышқызы да, жұлдызды жұп та желіде қуанышты жаңалықпен бөліспеген.
Желі қолданушылары жаба астына ақ тілектерін жазып қалдырды.
"Атыраудың жиені. Атына сай зейінді болсын", "Бауы берік болсын", "Келініміз босанғандай қуандық", "Мықты азамат болсын", "Тұңғыш немереңіздің бауы берік болсын", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Қуанышыңызға ортақпыз", – деп жарыса жазды желідегілер.