RSS лента

Махаббат кейіпкерлері балалы болды!

  • 31.12.2022, 03:14,
  • 713
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы танылып, махаббат хикаясының басты кейіпкеріне айналған құлсарылық жұп Марлен Нұрғасенов пен Әнел Мұратова сәбилі болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Әнелдің өзі Инстаграмм парақшасында хабарлады. Ұзақ жылдар бойы ауыр дертпен күресіп келген бойжеткенге дәрігерлер сәбилі бола алмайтынын айтып, көңілін құлазытып келгенді. Бірақ, Жаратқаннан үмітін үзбеген екі жас сабырмен күтіп, ақыры 10 жылдан кейін жарық дүниеге нәресте әкелді.

 

«Роддомда» күні-түні жанымда болып, жалғыз қалдырмаған анам мен Марленіме алғысым шексіз. Күндіз мамам келсе, кешкісін Марлен болады. Барлық жағдайды жасап жүрген, ең бастысы, қиын сәтте жанымнан табылып, қолдау көрсеткен, жылап, депрессияға түскен сайын жасымды сүртіп, одан шығаруға тырысып, баланы түнімен қарап, қолынан келгенін жасап жүрген Анам мен Марленге Алла разы болсын, алғысым шексіз, жаным сол!» деп жазды Әнел босанғаннан кейінгі сәтімен бөлісіп. Әнел әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы сәбиін қалай күткені туралы айтты. «Алла бізге 10 жыл сабырмен күткен сәбиді берді» дей келіп, жас ана жарық дүние есігін ашқан ұлына да жазба арнады: «Қош келдің, ұзақ күткен ботам! Осы сәтті көрсеткен Аллаға сансыз шүкір. Сенің иісің бөлек қой ботақаным. Мен негізі босанып, аманесен перзентханадан шыққан болатынбыз. Қазір қайта перзентханаға оралдық. Аузында, мұрнында трубкасы бар баламның аппаратта жатқанын көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздаған. Дем ала алмай қалдым, аяқ-қолым дірілдеп, өз-өзіме келе алмадым. Сол жерде дәрігерлер «жылама, бала бәрін сезеді» деп жұбатты. Қалай жыламаймын? Ана жүрегі сонша нәзік бола ма? Баяғы мықты Әнел қайда? «Балам емес, мен жатайыншы осы трубкаларға байланып, әр алып жатқан дәрілерін маған салынсыншы деп ойладым. Сол жерде қолыма ұстап, кеудеме бассам ғой деп армандадым. Мені шығарып алып кетті. Баламның қасында отырмай таңнан кешке дейін тұрып тұруға дайын болдым! Рұқсат бермеді» деп жазды Әнел сәбиінің жайкүйі жайлы жүрегі езіліп.

 

– Қазір бұрынғыға қарағанда 100 есе қолдау көрсетіп жүр. 10 жыл бойы жанымнан табылып, менімен сабыр сақтап, бір сәт бетіме баспай, соңына дейін Аллаһтан дұға сұрап, үмітін үзбеген Марленге Раббым сәби берді. Басқа балаларды қатты жақсы көретін Марлен, өз баласын қалай жақсы көретінін сезетін боларсыздар! – деп өмірлік серігінің де ерлігін ерекше бағалайды.

 

Махаббат хикаясы арқылы бүкіл қазақстандықтарға әйгілі болған құлсарылық қос ғашықтың ерекше қуанышы жайлы ақпаратты еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, дүйімжұрттан сүйінші сұрады. Әнел мен сәбиі қазір ауруханадан шығып, сүйіктісі Марленмен бірге 10 жыл күткен нәрестесінің қуанышына бөленуде. 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости