RSS лента

Тұмау, ЖРВИ, КВИ: аурудың қандай ерекшеліктері бар?

  • 22.02.2023, 01:30,
  • 423
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Жалпы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, республикада респираторлы, вирустық инфекциялар бойынша жағдай тұрақты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тұмау, ЖРВИ және КВИ-дің назар аударарлық ерекшеліктері бар. Медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерова олардың негізгілеріне тоқталды.


Оның айтуынша, науқастарда 3-5 күн ішінде дене температурасы 38-ден 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.


«Интоксикацияның айқын белгілері: әлсіздік, көп терлеу, тез шаршау. Кейбір науқастарда қайталама бактериялық инфекциялар болуы мүмкін: пневмония, іріңді синусит, тонзиллит, отит. Герпес инфекциясы болады. Сонымен қатар созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастарда жеке көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады. Мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында. Бұл ретте Бақыт Көшерова қазақстандықтарды скринингтен, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге, ковидтен кейінгі синдром нәтижесінде туындауы мүмкін асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық егулер алуға шақырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости