1.Жаңа жылды қайда және қалай қарсы аласыз?
– Жаңа жыл мерекесін Алматы қаласында әкеммен және іні-қарындастарыммен бірге қарсы аламын. Қар жауып тұрған кезде тауға шығып сырғанауға да болады. Қазақы салт бойынша дастарханда бесбармақ тұрса, қандай керемет?!
2.Үй ішін қалай безендіресіз? Шырша аласыз ба?
– Бұрындары жасанды шырша құрушы едік, қазір бұл балалардың тірлігіне айналып кетті ғой. Есік алдында шырша өседі, соған ойыншықтар іліп қойсақ, сол да бізге жетеді. Соңғы кездері мұсылманшылық жағынан шырша құру дұрыс емес деп жатады ғой. Өзім бұл мерекеге еш қарсы емеспін. Мейрам болып танылса, неге тойламасқа? Әрі, 1 қаңтар – менің туған күнім.
3.Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес деп жатады. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
Ащы суды сіміріп алып, көшеде мас боп жүрмей, әркім өз отбасымен бірге жаңа жыл тойласа, мерекені мәні артып, салтанаттың сәні кіреді. Шараптың орнына қымыз ішілсе, нұр үстіне нұр. Екінші жағынан, жаңа жыл алдында адам өткен жылға есеп береді. Сондай-ақ, бұл мейрамға арнайы демалыс күндері беріледі. Тек соны тиімді пайдалана білу керек. Алыстағы ағайын-туыспен араласып, бір-біріңізді құттықтағанның өзі бір ғанибет қой. Сондықтан, бұл мерекенің еш артықшылығы жоқ деп ойлаймын. Құрметті атыраулықтар, мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Жақсылығы мен қуанышы мол жыл болғай!