RSS лента

Картопқа қатысты мәлімдеме тарады

  • 19.05.2022, 03:08,
  • 489
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде картоп және басқа да алқа тұқымдастары – қауіпті, себебі олар психотроптық қасиеттерге ие және сананы тұмандатады деген ақпарат таратылуда. Оны талдап, шындықты анықтайық, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


Картоп – рационымыздағы негізгі тағамдардың бірі. Дегенмен, оның пайдасы мен ағзаға тигізетін зиянына қатысты пікірталас жиі болады. Картопты шамадан тыс тұтыну салмақтың артуына және ас қорыту проблемаларына әкелуі мүмкін деген пікір бар. Шындығында, бұл олай емес. Картоптың құрамында C, B1, B2, B6, PP, K және темір, кальций және фосфор, ақуыз және талшық бар. Бірақ бұл заттардың көп бөлігі жұмсағында емес, қабығында болады. Сондықтан, егер өнімнің сапасына сенімді болсаңыз, оны қабығымен пісіріп, немесе қайнатып, жеуге болады. 
Сонымен қатар, пісірілген немесе қайнатылған картопты қалыпты мөлшерде жесе, бұл салмақ қосуға әкелмейді. Өкінішке орай, қуырылған картоп, фри немесе чипсы туралы бұлай айта алмаймыз.
Картоп түйнектерінде болатын ең зиянды зат – соланин. Ол жүйке жүйесі мен жүрекке қатты әсер етуі ықтимал. Алайда, біріншіден, соланин көк картоптың құрамында көп болады, әдетте, ол тамақ жасау үшін қолданылмайды, екіншіден, соланин термиялық өңдеу кезінде толығымен ыдырайды, үшіншіден, картоптағы зиянды компоненттің мөлшері өте аз, яғни картопты уланатындай мөлшерде жеу мүмкін емес.
Қызанақ немесе баялды сияқты алқа тұқымдастарының құрамында да соланин бар. Оларда да, картоптағыдай көкөніс әлі піспеген кезде соланин мөлшері көп болады, ал термиялық өңдеу кезінде ыдырап кетеді.
Сондай-ақ, қазіргі қызанақтарда, баялдыда және басқа да көкөністерде соланин мөлшері селекционерлердің күшімен азайып келе жатқанын атап өткеніміз жөн. 
Картоп немесе қызанақ сананы тұмандатуы мүмкін екендігі туралы ешқандай ақпарат жоқ. Көкөністердің мұндай қасиетін ресми ғылым мұқият жасырған болса да, алқа дақылдарын үнемі қолданатын адамдар мұны анық байқайтын еді. Алайда, картоп пен қызанақ тұтынылып келе жатқан бірнеше ғасырлық тарихта мұндай ештеңе болмаған. Демек, картоп пен басқа да алқа тұқымдастарының психотропты әсері бар деген теория – миф.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости