Себебі, мемлекет ауруханаларға түскен барлық азаматтарды жасырын түрде сақтандырады екен. Бұл теорияның қайдан шыққаны және неге оған неге сенбеу керегі жайлы айтып берейік.
Бұл жорамал бірден екі қастандық теориясына негізделген. Біріншісі, Қазақстан Республикасы жоқ, тек Корпорация ғана бар. Бұл фейкті ҚР Әділет министрлігі жоққа шығарған болатын.
Екінші теорияда адамдар ауруханаларда COVID-19-дан қайтыс болмайды, оларды қасақана өлтіреді делінген. Бұл фейк те жоққа шығарылдық.
Енді Dead Peasant Insurance немесе «өлі шаруаны сақтандыру» дегеннің не екенін түсіндіріп өтейікз, постта айтылғандай, оның негізінде мемлекет пандемияның әр құрбаны үшін үлкен төлемдер алады.
Dead Peasant Insurance – ресми түрде өмірді сақтандыру бойынша корпоративтік меншік (Corporate ownership of Life Insurance) деп аталады. Бұл – компания ресімдейтін қызметкерлердің өмірін сақтандырудың бір түрі. Тиісінше, қызметкер қайтыс болған жағдайда жұмыс беруші төлем алушы болып табылады. Осы күнге дейін компаниялар мұндай сақтандыруды қызметкерге айтпастан алуға және ол қайтыс болған кезде оның қызметкері болмаса да, төлем алуға толық құқылы болған.
Бұл тәжірибе АҚШ-та бар және өте қайшылықты деп танылған. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер қызметкерлерге айтпастан осындай сақтандыру төлемдерін ресімдеу мүмкіндігінен айырылды. Енді сақтандырудың бұл түрін тіркеу үшін компания қызметкерден жазбаша келісім алуға міндетті.
Мемлекет сақтандырудың бұл түрін өз азаматтарына ресімдей алмайды, өйткені ел компания емес, ал адамдар оның қызметкерлері болып саналмайды.
Сонымен қатар, Dead Peasant Insurance практикасы тек АҚШ-та ғана қолданылады. Қазақстанда сақтандырудың мұндай түрі жоқ.
Ресейде қызметкер қайтыс болғаннан кейін жұмыс берушінің сақтандыру төлемін алуы заңсыз болып табылады.
Демек, COVID-19 болған өлім мемлекеттер үшін тиімді деген теория фейк. Ол әшкереленген басқа конспирологиялық идеяларға негізделген және ешқандай дәлелі жоқ. Хабарламада айтылған тәжірибе Қазақстанда қолданылмайды.