COVID-19 жұқтырғандарға арналған «лагерьлер» туралы қауесеттер Желіде өткен жылдың соңында тарала бастады. Пайдаланушылар мұндай лагерьлердің мақсаты аурудан зардап шеккен адамдарға көмектесу емес, отбасыларды ажыратып, балаларды тартып алу болып табылады деп жазды.
Қазақстандықтар бұл теорияны растау үшін Желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекеменің фотосуретін жариялаған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі суреттерге қатысты түсініктеме берді.
– Бұл биыл сәуір айында BI Group компаниясы салған модульдік инфекциялық орталық. Ол қазір жұмыс істеп тұр. Онда COVID-19 жұқтырған науқастар жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Жаңа инфекциялық орталық құрылысының басталғаны және оны іске қосу туралы көптеген БАҚ жазды. Орталық палаталары мен үй-жайларының суреттері баршаға қолжетімді.
Демек, суретте КВИ науқастарына арналған лагерь емес, пациенттерге қажетті көмек көрсетілетін инфекциялық орталық бейнеленген.