Алматы ПД бастығының атынан шаһардың 23 жастағы тұрғынына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Такси жүргізушісі 19 қыркүйекте екі қарт әйелді үйіне дейін жеткізіп салды, кейінірек жолаушылардың көлік ішінде көп ақша мен бағалы әшекей салынған шабадан қалдырып кеткенін байқады. Әйелдерді тауып, 1,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарды қайтару үшін жас жігітке бір аптадан астам уақыт қажет болды. Әженің ризашылық сөздерінде шек болмады, ол жинаған ақшасының қайтып келетінінен үмітін үзген болатын.
Бұл факт Полиция департаментінің назарынан тыс қалмады. Әлинұр Бекарыс ведомствоға шақырылды, оны ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков қарсы алып, алғыс хатты табыстады. Баяндамашы жас жігіттің ата-анасына осындай жағдайда көрсетілген сезімталдығы мен тәрбиесі үшін алғысын білдірді.
"Мұндай жауапкершілігі мол жігіттер көп болса екен, сонда мемлекеттің болашағы үшін алаңдамауға болады. Осы әрекетің үшін саған рахмет!" деді Әбдуәли Нашарбеков.