Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте маңызды көрсеткіштермен бөлісті.
«Вакциналарды кезең-кезеңмен жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылды. Негізгі партия Қарағандыдағы зауыттан шықты.
Егудің пайдасы туралы үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілді. Бұл тақырыпқа қатысты еліміздің басты ақпараттық алаңында 3,5 мыңнан астам жарияланым, 17 мың материал жарияланып, 22 брифинг өткен. Нәтижесінде вакцина салдырам деушілер қатары көбейді.
Біз азаматтарымыздың бұл қадамға саналы түрде барып, бір-бірін вакцинацияға шақыратынын көріп отырмыз. Вакцинацияланған азаматтардың тек 0,03% — ы ковидпен ауырды. Егер адам бұрын ауырған болса енді ауырмайды деген пікір бар. Бұл дұрыс емес. Қазақстанда вакцина алмаған 800-ге жуық адам КВИ-мен қайта ауырды. Мұндай үрдіс әлемнің басқа елдерінде де бар. Мыңдаған адам қайтадан ауырады. Тиісінше, вакцина қабылдап, өзіңізді, туыстарыңызды, жақындарыңызды қорғау өте маңызды» деп еске салды министр.