RSS лента

Биыл қазақстандықтар кажылыққа бара алмай ма?

  • 27.05.2021, 11:32,
  • 1 067
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдегендей, биыл қажылыққа тек вакцинацияланған адамдар қатыса алады. Бұл ретте QazVac, «Спутник V» немесе Hayat-Vax вакциналарымен иммундалған Қазақстан азаматтары қажылық жасай алмайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі «Қажылық-2021″ маусымына дайындық кезінде ерекше талаптар жариялады. Қажылар Сауд Арабиясында ресми түрде бекітілген вакциналардың екі дозасын қабылдауы керек (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna). Екінші дозаны қажылыққа барардан 14 күн бұрын қабылдау керек» делінген хабарламада.

 

Әрбір қажы аталған вакциналардың бірін алғаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама ұсынуы және оны Сауд Арабиясының Шетелдегі елшіліктерінде заңдастыруы тиіс.

 

Сауд Арабиясының билігі 2021 жылғы қажылық маусымына келуге рұқсат етілетін адамдар санын әлі жариялаған жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости