RSS лента

Жолға шығу үшін «жасыл паспорт» қажет

  • 22.05.2021, 11:24,
  • 603
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еуроодақ Кеңесі мен Еуропарламент вакцинацияға арналған ортақ сертификат енгізетіні туралы келісімге келді. «Жасыл паспорт» аталатын құжат электронды нұсқада болмақ. Онда әр азаматтың коронавирусқа қатысты барлық мәліметі енгізіледі. Яғни, ПТР тест қорытындысы, қалай емделгені, екпе салдырғаны-салдырмағаны – бәрі көрсетіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

1 шілдеден бастап айналымға енетін «Жасыл паспорты» бар адамдар ЕуроОдақ елдеріне сапарлайтын жағдайда кез келген медициналық талаптан бас тартпауы тиіс.

 

    Дидье Рейндерс, әділет жөніндегі еурокомиссар:

 

«Азаматтар вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін ғана толық егілген болып есептеледі. Сертификатта барлығы көрсетіледі – қай дозаны және оны қашан алғаны туралы мәлімет кім-кімнің де шетелге шығуына ықпал етеді. Дегенмен сіздің шекара асуыңыз үшін міндетті түрде толық егілу шарт».

 

«Жасыл» құжатта ЕуроОдақ пен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының сынынан өткен екпелер ғана жарамды саналады. Әзірге бұлардың қатарында Қытай, Қазақстан, Ресей секілді елдердің өнімдері жоқ. Соған қарамастан, Венгрия сықылды мемлекеттер сынақ мерзімінен өте қоймаған вакцинаны жаппай қолдануда.

 

Сонымен қатар, ЕуроОдаққа мүше әр елдің өз ережелері бар екенін ескерген жөн. Ортақ сертификаты жоқтарға басқа да талаптар қойылуы бек мүмкін.

 

    Фернандо Агилар, Еуропарламент депутаты:

 

«Әр елдің өздері бекіткен біржақты тыйымы болатынын жоққа шығармаймыз. Егер қандай да болмасын өзгерістер енгізер болса, олар ең алдымен жалпыеуропалық қағидаттан ауытқымау керек және ол туралы 48 сағаттың ішінде басқа мемлекеттер мен Еурокомиссияға хабарлауы тиіс».

 

Қазірден бастап әуе компанияларына жолаушылардан «жасыл құжатты» талап етуге рұқсат беріліп қойды. Бұдан бөлек, Еурокомиссия ПТР тест үшін 100 млн еуро бөлетінін де хабарлады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости