RSS лента

ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ: Қазақстанда ауа райына байланысты шұғыл дабыл қағылуда

  • 23.03.2021, 15:28,
  • 1 311
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Елімізде екі аймақтағы ауа райының нашарлауына орай бірнеше бағыттағы тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген. Ондағы картадан «Нұр-Сұлтан – Шидерті», «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр (ары қарай Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі)», «Нұр-Сұлтан – Теміртау» және «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» тасжолдары жабық екенін көре аласыз.

 

Бұдан бөлек, Сәтбаев қаласынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол, сондай-ақ, «Жезқазған – Атасу» мен Талап ауылынан бастап Қызылорда қаласына дейінгі жол учаскесі толығымен жабылған.

 

Айта кетейік, жоғарыда аталған мекеменің «1403» байланыс нөміріне хабарласып, толығырақ ақпарат алуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости