RSS лента

Теңізде вакциналау жалғасып жатыр...

  • 20.03.2021, 16:36,
  • 1 032
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

ТШО-ның COVID-19-ға қарсы әрекет ету тобы мен кеніштегі барлық медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіпорынның вакциналарды алуға қолдау көрсету туралы хатына жауап ретінде  ) тағы да  210 Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау ТШО үшін басты міндет болып қала бермек, қазіргі таңда ТШО-ның 90-тен астам қызметкері вакцина алды. Сонымен қатар, компания Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компанияның және  мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне сатып алу мүмкіндігінқарастыруда. Осы ретте, ТШО өз қызметкерлері арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19-дың одан әрі таралауына жол бермеуге бағытталған ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді.

 

«Вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдықиммунитетқалыптастыру. Бүкіл әлем коронавируспен күрестегі жалғыз қару вакцина екенін түсінді, сондықтан бәріңізді екпе алуға шақырамын» дейді ТШО клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбеков.

 

Вакциналау – COVID-19-дан қорғанудың маңызды құралы және ТШО қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі, және де бұл осы аймақ пен Қазақстан Республикасының (ҚР) экономикасына елеулі үлесін қосады.

 

Қазіргі уақытта компания өз қызметін ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асыруда және де мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда.   ТШО үшін аймаққа, сонымен қатар бүкіл Қазақстанға әрі қарай пайдалы болу үшін үздіксіз өндірісті жалғастыру және Келешек кеңею жобасының – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды.

 

Руслан Жалғазин, ТШО өрт және апатты тойтару қызметінің медициналық үйлестірушісі:

«Мен үнемі медицина жаңалықтарын бақылап отырамын және жалпы вакциналар, соның ішінде Sputnik V вакцинасының қалай әзірленетінін көрдім. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Sputnik V вакцинасы ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Вакциналаусыз біздің өміріміз әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан мен аталған вакцинаның екі компонентін алдым және өзімді жақсы сезінудемін».


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости