RSS лента

Емханадан ұрланған 70 млн теңгенің қайда жұмсалғаны белгілі болды

  • 14.10.2020, 18:41,
  • 2 227
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атыраудағы емханадан ақша ұрлау қылмысына қатысты тың деректер пайда болып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

№1 Атырау қалалық емханасының бірқатар дәрігері өткен жұма күні  өтемақыға байланысты талап-тілектерін білдірген болатын. Аталған мәселеге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы  Асхан Байдуәлиев түсініктеме берді. Емханадан ұрланған 70 млн. теңгенің  үстемеақы мен өтемақыға еш қатысы жоқ.


Бұған орай тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.  А.Байдуәлиев тамыз айында емхана әкімшілігі жергілікті басқармаға коронавируспен күресте қызмет еткен 33 дәрігердің құжаты жіберілгенін, оның 13-іне ғана үстемеақы төленетіні белгілі болғанын да мәлімдеді.


Бастапқыда 10 медицина қызметкерінің құжаты қабылданды, 129 бұйрыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты тағы үш қызметкерге үстемеақы төленетін болды.

Оставить комментарий
Последние новости