– Демократиялық қоғам құруға бет бұрған кезкелген мемлекеттің конституциясы халық пен мемлекет арасындағы өзара шарт болып табылып, қоғамдағы негізгі қатынастарды реттеуге бағытталады, - дейді ол "Atyray" газетіне берген сұхбатында. – 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы – жаңа саяси-заңдық құжат. Негізгі Заңның мəндік жаңалығы ең алдымен оның барлық институттарының мазмұны мен нысанын нақты анықтайтын принциптерден көрініс табады. Еліміздің Конституциясына қазіргі уақытта қоғам өмірінен лайықты орнын тауып жатқан бұрынғыдан мүлдем өзге жаңа идеялар тəн. Олар халық билігі мен халық егемендігі, конституционализм, заңдылық жəне құқықтық мемлекет, адам жəне азаматтың табиғи, ешкім айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтары, біртұтастық жəне ұлттардың даму еркіндігі; халықтар мен мемлекеттер арасындағы бейбітшіліктің нығаюы, халықаралық құқық принциптері мен нормаларын сақтау, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдум немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Қазір əлем күн санап өзгеріп жатыр. Халықтың талап-тілектері мен сұранысының да сипаты өзгеруде. ЖаҺандану процестері қоғамдық қатынаст ардың жаңа форматын қалыптастырып отыр. Сол себептен де, Президент еліміздің саяси жаңғыруын, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансын, сонымен қатар мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын қалыптастыруды көздейтін саяси реформалар бағдарламасын ұсынды. Конституциялық реформаның негізгі бағыты ретінде биліктің барлық тармақтары арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттердің барынша оңтайлы тепетеңдігін қалыптастыруды айтуымызға болады. Қазақстанның конституциялық құрылымын жүйелі трансформациялаудың ролі мен маңызы өте зор. Бұл жерде оның жауапкершілігінің де салмағын есте ұстауымыз қажет. Конституцияға енгізілген өзгерістерді Əділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге толық негіз бар. Ықпалды Парламенттің, халық сайлаған мəслихаттардың, есеп беретін Үкіметтің жұмыс істеуі үшін тиімді тетіктерді іске қосты. Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – саяси плюрализм мен бəсекелі демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар қалыптастыратыны да күмəнсіз.
Президент 2022 жылдың наурыз айында жасаған Жолдауында суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті, есеп беретін Үкіметі бар президенттік басқару моделіне көшу қажеттігіне баса назар аударған болатын. Сол себептен де, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарының бірі – Президенттің бірқатар өкілеттіктерін қысқарту болып табылады. Мəселен, Конституцияға ҚР Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше болмауы туралы норма енгізілген болатын. Көптеген шет мемлекеттерде Президенттің кандидатурасын белгілі бір партия ұсынуы мүмкін, ал осы кандидатура Президент болғаннан соң өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияға мүше бола алмайды. Бұл оның өзін ұсынған партияға басымдықтар бермеуін, саяси бейтараптығын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шара болып табылады. Қазақст ан Ре спубликасының Конституциясына сəйкес, Президент адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатынын ескере отырып, Мемлекет басшысының жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерде лауазымдарды, квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық лауазымдарды иеленуіне конституциялық деңгейде тыйым салу жөнінде ұсыныс айтты. Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, əжесі, немерелері жатады. Аталған заңдар шеңберінде саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңнамалық актілерге, сондай-ақ жердің, жер қойнауының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жəне басқа да табиғи ресурстардың Қазақстан халқына тиесілігі туралы конституциялық қағидатқа байланысты мəселелерге өзгерістер енгізілді. Қазақстандықтар көптен күткен келесі өзгеріс – 2022 жылғы 18 қарашада қабылданған жəне күшіне енген Конституциялық Сот туралы Заң. Конституциялық сот өз қызметін осы жылдың 1 қаңтарынан бастады. Президенттің Жоғарғы Сот кеңесінің құрамын жасақтауға қатысты өкілеттіктері өзгерді. Конституцияда белгіленген қолданыстағы тəртіпке сəйкес Жоғарғы Сот кеңесінің құрамын, сондай-ақ Конституциялық кеңестің төрағасын Президент өзі тағайындайды. Енді Конституциялық Соттың жəне Жоғарғы Сот кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын Парламент Сенатының депутаттарына беру ұсынылды. Бұл ретте Жоғарғы Сот кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалатын болады. Мемлекет басшысы Жолдауында Президенттің артық өкілеттіктерін алып тастау жəне əкімдер мен мəслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беру арқылы «қолдан басқару» тəжірибесінен бас тарту қажеттігін атап өтті.
Конституциялық Сот дегеніміз не, оның республиканың басқа соттарынан айырмашылығы неде екендігі туралы көптеген сұрақтар туындайды. Конституциялық Сот сот жүйесіне кірмейді, бұл конституциялық қадағалаудың дербес органы жəне оның негізгі міндеті – кез келген деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сəйкестігін тексеру. Егер Конституциялық кеңеске мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың кейбір тобы ғана – Мемлекет басшысы, Парламент палаталарының төрағалары, Парламент палаталары депутаттары жалпы санының кемінде 1/5 бөлігі, соттар жəне басқалар жүгіне алатын болса, енді Қазақстан Республикасының азаматтары да Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Конституциялық Соттың құрылуы, ең алдымен, азаматтардың əділет саласына деген сенімін нығайтатыны сөзсіз. Екіншіден, кез келген адам бере алатын жеке конституциялық шағым институтын енгізу ғана мемлекеттегі барлық үш биліктің ісəрекеттерінің конституциялылығын бақылауды жалғыз, орталық соттың қолына береді. Үшіншіден, жеке конституциялық шағым белгілі бір талапкердің құқықтарын қорғаумен қатар Конституцияның үстемдігін қадағалау қызметін атқарады. Конституциялық Сот жалпы юрисдикция соттарының шешімдеріне шағымданатын орган емес. Сот шешімдеріне, бұрынғыдай, тиісті апелляциялық, кассациялық сатыларда шағым жасалуы мүмкін. Конституцияда айқында лған Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің мəртебесі айтарлықтай күшейтілді. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің жəне оның өкілдерінің қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік белгіленеді. Жалпы, Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің – құқық қорғау институтын жоғары деңгейге көтереді. Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін түзетулер шеңберінде Парламенттің депут аттық корпусын жас ақт ау тəртібін, Парламенттің жəне оның Палаталарының заңдарды қабылдау жəне басқа да мəселелер жөніндегі құзыретін қайта қарау жүзеге асырылады. Түзетулерде заңдарды Парламент Мəжілісі қабылдайтыны, онда барлық депутаттар саяси бəсекелестік негізінде сайланатыны қарастырылған. Конституцияға Парламент Мəжілісіне сайлау кезіндегідей, жергілікті өкілетті органдарға сайлау кезінде де аралас сайлау жүйесіне көшуге қатысты тиісті өзгерістерден туындайтын түзетулер енгізілді. Яғни, Мəжіліске депутаттардың 30%-ы бір мандаттық округтер бойынша, ал 70%-ы бұрынғыдай партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады.
Конституцияда жарияланған халықтың жер мен оның қойнауына, жануарлар мен өсімдіктер əлеміне жəне басқа да табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы норма да бекітіледі. Бірақ, бұл ретте Конституцияда бекітілген аталған норма қағидат сипатына ие екенін түсіну керек. Ол біздің əрқайсымызда жердің қандай да бір ауданына немесе жер қойнауы учаскесіне меншік құқығын туғызбайды, ол жерді, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану Қазақстан халқының мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс екенін айқындайды. Мысалы, ел Президенті өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның жер қойнауын пайдалану есебінен қалыптасатын ұлттық қордың табысының бір бөлігін балалардың мұқтаждықтарына жұмсауды ұсынды. Міне, бұл халықтың жерге меншік құқығын жүзеге асырудың бір мысалы. Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау шеңберінде өлім жазасы біржола жойылады. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл (немесе омбудсмен) соңғы жылдары қоғам үшін өзінің жоғары маңыздылығын көрсеткенін атап өткен жөн. Енді оның ролі конституциялық деңгейде бекітілетін болады.
Реформалар шеңберінде азаматтық қоғам институттарын дамытуға, БАҚ-ты ырықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Мəселен, Ұлттық құрылтай алаңы – бұл еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық өкілдеріне орталық деңгейде елді дамыту мəселелерін кең ауқымда талқылауға қатысуға мүмкіндік беретін кең қоғамдық келісімнің жаңа институты. Сондай-ақ ҮЕҰ мен мемлекеттің байланыстарын нығайтуға бағытталған БАҚ туралы жаңа заң əзірленетін болады.
Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін өңір (қала) мəслихаттарының барлық депутаттарының келісімін ала отырып баламалы негізде (кемінде екі кандидатура ұсыну арқылы) тағайындау жүзеге асырылуда. Бұл да əділеттілік принциптерін орнықтыру, осы саяси лауазымға барынша лайықты кандидатураны іріктеп алу мақсатында енгізілген норма болып табылады жəне ол білімі, кəсіби дайындығы мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары мамандарға саяси қызметтің тұтқасын ұстауға мүмкіндік берері анық.
Президент Конституцияға өзгеріс енгізілгенге дейін Сенаттың 15 депутатын тағайындайтын болған. Қазір Сенаттың 10 депутатын, оның ішінде 5-еуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындайтындығы туралы норма енгізілді. Бұл өзгеріс – Президенттің ықпалын азайту мақсатында қолданылып отырған шаралардың бірі. Парламентке заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жəне оны күшейту мақсатында бірқатар өкілеттіктер берді. Мысалы, халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тəртіпті қорғауға, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Үкіметтің заң шығару тəртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады. Аталған заң жобалары қаралып жатқанда Үкімет заң күші бар уақытша нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқылы. Соңғы кезде орын алған коронавирус пандемиясы, қаңтар оқиғасы, түрлі төтенше жағдайлар осы жағдайларға жедел жауап қатуды шектейтін заң қабылдау ісіндегі бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Конституцияға мұндай норманы енгізу заманымыздың түрлі тəуекелдеріне шұғыл ден қою қажеттілігінен туындап отырған шара деуімізге болады. Жалпы Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға зер салсақ, сайып келгенде барлық нормалар суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне көшуге, мемлекеттік билік функцияларын монополиясыздандыруға, халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.
Әз Тәукенің заманында толықтырылып, бір жүйеге келтірілген ережелер жүйесі «Жеті жарғы» заңын қабылдау, мемлекеттік басқару жүйесіне қарапайым халықты тарту, жаңашыл өзгерістерді енгізу, ішкі бірлікті бекемдеу, сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізу арқылы ел жадында жатталып қалған «алтын ғасыр» дәуірін орнатқаны белгілі. Алдымызда мемлекетіміздің жаңа даму жолдары мен мүмкіндіктерін ашуға бағытталған ауқымды жұмыстарды мемлекет пен қоғам болып атқару міндеті тұр.