Бастарын тауға да, тасқа да соққан оқушылардың бірі "интернет жүргізбесе, сабақты қалай оқимыз? Алыс ауылдарға қиын. Мектепке барып оқығымыз келеді. Бірақ, барлығымыз бірдей бара алмаймыз. Қауіпсіздікті де ұмытпаған жөн" десе, екіншісі ғаламтор қолжетімді болғанның өзінде онлайн-сабақты күнделікті парта мен тақта алмастыра алмайтынын айтады.
-Мен мектеп партасына отырып білім алғым келеді. Үй жағдайында немесе дәретханада сауат ашқым келмейді. Сондықтан оқу жылының келесі тоқсанында мектепке оралсақ екен, - деген тілегімен бөлісті Атыраудағы Көкарна ауылының №32 мектеп оқушысы Ақылбек Жиенбайұлы.