RSS лента

1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерді не күтеді?

  • 05.12.2025, 16:42,
  • 44
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Микро және шағын бизнестің біртіндеп жаңа Салық кодексіне көшуі үшін ҚР Үкіметі бірқатар жедел шара қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді. Соның ішінде салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» жүргізу көзделіп отыр.


«Бұл нені білдіреді? Біріншіден – өткен кезеңдерге, яғни 2023, 2024, 2025 жылдарға камералдық бақылауды алып тастау. Бірақ салық төлеушілерге алдын ала ескерту жасағым келеді. Егер осы нормалар күшіне енгенге дейін жауапкершіліктен жалтару немесе алдыңғы кезеңдердің салық міндеттемелерін азайту мақсатында түзетулер жасалса, онда адамдар камералдық бақылаудан босатылмайды. Салық төлеушілер желтоқсан айының соңына дейін декларацияларын кері қайтарып ала алады», – деп түсіндірді спикер.


Сонымен қатар кәсіпкерлерді қолдау шараларының тізімінде мыналар бар: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер бойынша мәмілелер мен тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз жіберуді тоқтату; камералдық бақылау жүргізбей-ақ кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген тәртіппен жою; ҚҚС бойынша міндетті тіркеу тәртібін бұзған, салықтық есептілікті тапсырмаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босату; негізгі қарызды 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтеген жағдайда салықтар мен төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц