Олардың 7155,4 мың-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2 174,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ұлттық статистика бюросынан білгеніміздей, 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,8% құрады.
Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 96,3 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17,0%), білім беру (13,1%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (10,8%) салаларында байқалды.
Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген Қазақстандағы жұмыссыздық (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болғандар) деңгейі 4,6% құрады. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% құрады.

