RSS лента

Қазақстандықтардың жалақысы өскен бе?

  • 13.08.2025, 18:10,
  • 126
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанына қарағанда 111,3% құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылғы ІІ тоқсандағы жалақының медианалық мөлшері (жалақы қатарындағы орталық деңгей) 316 152 теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, атаулы орташа жалақы 448 620 теңге болды. Ұлттық статистика бюросынан білгеніміздей, атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанына қарағанда 111,3% құрады.


2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары орташа айлық жалақы өсімі келесі салаларда тіркелді: ақпарат және байланыс – 24%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау – 16,9%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 16,1%. Денсаулық сақтау және білім беру салаларында орташа айлық жалақы 7,8%-ға өсті.


Аймақтық тұрғыда 2025 жылдың екінші тоқсанында орташа атаулы айлық жалақының ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 18,4%, Астана қаласында – 15,4%, Алматы қаласында – 15,3%, Алматы облысында – 14,6% және Қарағанды облысында – 14% болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц