Бірақ мұның өзі де республикамыздағы ең жоғары жалақы емес екен. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Статистикалық деректерге сүйенсек, темекі өнімдерін өндіруші сала қызметкерлерінің алғашқы тоқсандағы орташа есеппен алғандағы айлық еңбек ақысының көлемі 1 646 590 теңгеге тұрақтапты. Ал, Қазақстанның өңірлері арасында ең көп жалақы алатындар атыраулықтар болып шықты. Жылдың алғашқы үш айының қорытындысымен Атырау облысындағы орташа жалақының мөлшері 604 052 теңгеге жеткен.