RSS лента

Қымбаттамаған не қалды?

  • 07.11.2025, 16:09,
  • 44
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Биыл қазанда айлық инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Азық-түлік тауарларының ішінде басты пияз 7,7%-ға, алма – 6,1%, қызылша – 5,1%, қырыққабат – 4,7%, сәбіз – 4,4%, қант – 2%, жүзім – 1,1%, лимон – 0,8% арзандады. Бағаның өсуі шоколадқа 2,3%-ға, кофеге, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға – әрқайсысы 1,8%-дан, құрмаға – 1,6%-ға, жарма өнімдеріне – 0,7%-ға байқалды.

 

Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қазан айында отандық құрастырылған жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеді. Қолшатыр 4,2%-ға, электр жылытқыш 2,5%-ға, цемент 0,4%-ға қымбаттады. Жуу және тазалау құралдардың, жеке қолданылатын тауарлардың баға деңгейі әрқайсысына 1% -дан, киім мен аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға 0,8%-дан өсті.

 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 40%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 10,7%-ға, электр энергиясы тарифі 2%-ға төмендеді. Қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,5%-ға, тренажер залдары 0,8%-ға қымбаттады.

 

Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қазанда 12,6% құрады.

 

Азық-түлік ішінде жылдық мәнде күріш 8,3%-ға, өрік 5%-ға, қызанақ 1,4%-ға арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,9%-ға қымбаттады.

 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 31,7%-ға, мұздатқыш 16,6%-ға, үтіктеу тақтасы 13,6%-ға арзандады. Ас үй құралдары бағасының деңгейі 7%-ға, электрбұрғы 5,9%-ға, электр шамы 5,2%-ға өсті.

 

2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда аяқ киім жөндеу қызметтерінің бағасы 8,9%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 7,8%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10%-ға, тренажер залдары 8,8%-ға қымбаттады.

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

 

Айта кетейік, биыл қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости