RSS лента

Қазақстанда тамақ бағасы аздап төмендеген

  • 03.06.2025, 16:27,
  • 150
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Биылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде-1,2%), деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросынан білгеніміздей, ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен.


Азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендеуі қиярға – 37,1%, қызанаққа – 19,8%, қырыққабатқа – 7,7%, бананға - 5,7%, жұмыртқаға 2,4% болды. Өз кезегінде бағалар лимонға – 9,1%, алма – 6,1%, алмұрт – 5,2%, жүзім-5,1% өскен.


Биылғы мамыр айында алтын сақинаға баға 4,6%, құрылыс материалдарына – 1,1%, киім мен аяқ киімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға – әрқайсысы 0,8% қымбаттаған.


Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер 4,2%, су бұруға – 1,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,5%, электр энергиясына – 1,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметі 2,1%, санаторилер қызметі 2% қымбаттаған.


Өңірлер арасында ең төменгі айлық инфляция Қарағанды облысында – 0,2%, Астана қаласында – 0,3%, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында тіркелді – әрқайсысында 0,6%.


2025 жылғы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге – 16%, азық-түлік тауарларына – 9,6%, азық-түлік емес тауарларға 9%, жоғарылады.


Жылдық мәнде қарақұмық жармасының бағасы 12% төмендеді, күріш – 8,3%, тәтті бұрыш – 5,5%, қияр – 2,6%, кептірілген өрік 2,5% арзандады.


Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 14,6%, санаторилердің қызметтері 14,4% өсті. Ноутбуктің бағасы 46,5%, алтын сақина 35,6% , планшет бағасы 31,9% өсті.


Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

 

Айта кетейік, 2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости