RSS лента

Азық-түлік қаншаға қымбаттады?

  • 02.05.2025, 14:32,
  • 45
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық индексі 1,2% құрады (2025 жылғы наурызда – 1,3%), деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ақылы қызметтердің бағасы – 1,9%, азық-түлік тауарлары– 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті. Ұлттық статистика бюросынан білгеніміздей, тарифтер тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға 4,5% өсті. Монша қызметтері – 5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері – 2,6%, қоғамдық тамақтану қызметтері 2% қымбаттады. Бағалар интернет-байланыс және кинотеатрлар қызметтеріне – 4%-дан, санаторий қызметтеріне – 3,8%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері қызметтеріне – 2,5%, стоматологиялық қызметтерге 2,1% өсті.


Азық-түлік тауарларынан баға қырыққабатқа – 20,2%, қызылшаға – 11,7%, басты пиязға – 11,5%, сәбізге – 9,2%, картопқа, лимонға – 7,1%-дан, зәйтүн майына – 6,6%, жүзімге – 6,5%, тәтті бұрышқа – 5,9%, тұздалған майшабаққа – 4%, қой етіне – 3,3%, сиыр етіне, қантқа 2,2%-дан өсті. Баға қиярға – 14,3%, қызанаққа – 5%, сұлы жармасына – 4,3%, апельсинге – 2%, күрішке – 0,4%, жұмыртқаға 0,3% төмендеді.


Ағымдағы жылдың сәуір айында бағаның алтын неке сақинасына – 2,3%, киім мен аяқ киімге – 1%, дәрі-дәрмектерге 0,5% өсуі байқалды. Дизель отыны 1,1% қымбаттады.


Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Түркістан облысында және Алматы, Шымкент қалаларында – 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,3 п.т. жоғары), ең төмені Ақмола облысында 0,7% тіркелді.


Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Солтүстік Қазақстан облысында 1,9%, азық-түлік емес тауарларға – Қызылорда облысында 1,1%, ақылы қызметтерге – Түркістан облысында 3,7% өсті.

2025 жылғы сәуірде жылдық мәнде инфляция деңгейі 10,7% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге – 15,7%, азық-түлік емес тауарларға – 8,9%, азық-түлік тауарларына 8,5% жоғарылады.


Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.


Айта кетейік, 2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости