RSS лента

Азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1% өсті

  • 08.02.2024, 16:32,
  • 272
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық мәнде 1,8% өсті, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бюро мәліметі бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.


ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 6 ақпан/:

Күнбағыс майы – 718 тг/л
Айран 2,5% – 412 тг/л
Пияз – 104 тг/кг

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости