Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,6%, ақылы қызметтер – 1,3%, азық-түлік емес тауарлар 0,8% өсті.
Азық-түлік тауарларынан баға бананға – 14,5%, қызанаққа – 11,4%, қызылшаға – 8,5%, қырыққабатқа – 7,4%, сиыр етіне – 3,5%, қой еті мен картопқа – 3,4%-дан, апельсинге, құмшекерге – 3,2%-дан, жүзімге – 3,1%, тұзды ірімшікке 3% өсті. Бұл ретте баға қиярға – 6,8%, жұмыртқаға – 1,8%, басты пиязға– 1,3%, тәтті бұрышқа 1,1% төмендеген.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 15,2%, су бұруға – 11,9% орталықтан жылытуға – 3,1%, ыстық суға 2,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметтері – 3,2%, стоматологиялық қызметтер 2,3% қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде наурыз айында бағаның өсуі планшеттерге 10,4%, ноутбуктерге – 8%, жиһаз бен тұрмыстық заттарға, алтын неке жүзігіне – 2%-дан байқалды. Баллондағы сұйытылған газ 2,1% қымбаттады.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 2,4% (орташа республикалық деңгейден 1,1 п.т. жоғары), ең төмен Маңғыстау облысында 0,4% тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Астана қаласында 2,4%, азық-түлік емес тауарлар – Түркістан облысында 1,3%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 3,7% өсті.
.png)
2025 жылғы наурызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 10% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 9,1%, азық-түлік тауарларының бағасы 7,6% жоғарылады.
2024 жылғы наурызбен салыстырғанда тарифтер суық суға – 88,4%, су бұруға – 23,7%, орталықтан жылытуға – 19%, ыстық суға – 14,6%, электр энергиясына – 14,3%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 13,3% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері – 23,6%, ұялы байланыс қызметтері – 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,8%, сәлемдемелер жіберу – 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 16,1% қымбаттады.
Ноутбуктің бағасы 80,6% өсті, планшет – 62%, ас үй пеші – 60,4%, сымсыз құлаққаптар – 47,9%, USB флэш-дискісі 36,6% қымбаттады. Бағаның өсуі корвалолға – 37%, канефронға 23,4% байқалды. Баға алтын неке жүзігіне – 28,8%, жаңа жеңіл автомобильдерге 62,1% өсті. Картоп – 66,4%, басты пияз – 32,2%, қырыққабат – 27,3%, қызылша – 21,1%, сарымсақ – 17,8%, күнбағыс майы – 16,8%, қызанақ 14,9% қымбаттады. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 17,7%, жұмыртқа – 8,3%, сәбіз – 7,4%, тәтті бұрыш – 6,9%, күріш 6,3% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.