RSS лента

Құны 382 млн теңге 6 кг алтын тәркіленді

  • 18.08.2025, 18:40,
  • 101
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі ШҚО  департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

 

ЖШС заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді

 

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц