RSS лента

Қаржы пирамидасының соты: 1 млрд-тан астам теңге тәркіленді

  • 01.04.2025, 12:22,
  • 23
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«HAS» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталып, құны 1 млрд-тан астам теңгені құрайтын мүлік зардап шеккендердің пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«HAS» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталып, құны 1 млрд-тан астам теңгені құрайтын мүлік зардап шеккендердің пайдасына тәркіленді. Павлодарда «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен жетекшілеріне қатысты үкімі шығарылды.

 

 Өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ға дейін пассивті табыс алуға уәде берген.

 

 Әлеуметтік желілерде жалған акциялар белсенді түрде жарияланып, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таралған.

 

 Белсенді құрылыс иллюзиясын жасау үшін декорациялар мен арнайы техника жалданған.

 

Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 5 мыңнан астам салымшы тіркелген.

 

Сот 5 қатысушыны 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

Сонымен қатар, зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың ақшасына алынған 1 миллиардтан астам теңге құны бар мүлік тәркіленді.

 

Активтер қатарында — 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша қаражаттары бар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц