RSS лента

«Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

  • 04.01.2024, 11:26,
  • 124
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қ. бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталған. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді.


Қылмыстық іс бойынша 2 адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


* Агенттік қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеді. 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости