RSS лента

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

  • 03.06.2025, 12:37,
  • 40
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Павлодарда онлайн-дүкендер арқылы вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіш пен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

 

Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату «Telegram» мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген, ал өнім курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін дропперлердің – жалған тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған. Осы карталар арқылы ірі көлемдегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, олардың заңсыз шығу тегі жасырылған.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында тауар сақтайтын қоймалар мен сату орындары анықталды. Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді. Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлікке (Chevrolet Camaro, Toyota Land Cruiser және Toyota Highlander) тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.

 

Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости