RSS лента

327 мың азаматқа 30 млрд теңге залал келтірген

  • 07.04.2025, 10:10,
  • 39
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

327 мың азаматқа 30 миллиард теңге залал келтірген микроқаржы ұйымдарының лицензиялары тоқтатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұған дейін ҚМА Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленгені туралы хабарлаған болатын.

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізілуде.

 

Белгілі болғандай, алты МҚҰ бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.

 

Сот,  қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал МҚҰ алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.

 

Еске сала кетейік, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды. Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости