ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде электрондық еңбек биржасы базасында жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосты. Бұл функционал студенттерге өндірістік практикадан өту үшін жұмыс берушілердің мемлекеттік базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер үшін бұл құрал болашақ мамандарды іріктеуге және сапалы кадрлық құрамды қалыптастыруға көмектеседі. 2025 жылдың басынан бастап облыс бойынша қос жұмыс беруші студенттерді өндірістік практикаға шақырып, бос жұмыс орындарын жариялады.
Сонымен қатар, министрлік осы функционалды кеңінен тарату және оған көбірек студент пен жұмыс берушілерді тарту мақсатында белсенді әрекет етуде. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілермен бірлесіп, кадрларға болжамды қажеттілік пен бос жұмыс орындары туралы өзара іс-қимылды ұйымдастыруда. Сондай-ақ өңірлердегі ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу орындарына өндірістік практиканы ұйымдастыру процесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.