Жоба бойынша 3,5 жылға созылған жол құрылысын “Сине Мидас Строй“ ЖШС атқарды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жұмысқа барлығы 500-ге жуық жұмысшы мен 300-ден аса техника жұмылдырылған.
- Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан облысымыздағы ірі жобалардың бірі. Күре жол еліміздің экономикалық дамуында үлкен маңызға ие. Алдағы уақытта жол бойында сервистік, кәсіпкерлік нысандарды көбейтіп, тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарлануда,- деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.
80 шақырым жол құрылысына 22 мың вагон түйіршік тас, 25 мың тонна битум және 250 мың тонна асфальт пайдаланылған.
2022 жылы автомобиль жолының 60, бүгін 80 шақырымы толық пайдалануға берілді. Атыраудан бастау алатын 5 шақырым жолды 1 санатқа ауыстыру мақсатында жаңғырту жұмысы облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына тапсырылған. Ал қалған 132 шақырымды реконструкциялау жұмысыын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
- Бұл көлік дәлізі “Ақтөбе-Атырау-Астрахан” болып есептеледі. “Ақтөбе-Қандыағаш” жобасынның аяқталуы жақын, осы жолды да жыл соңыңа дейін бітіреміз. Жалпы жаңғырту жұмысына 2000-нан астам жұмысшы жұмылдырылды. 1 миллион тоннадан астам асфальт жабындысы төселді. Қазір асфальттың соңғы қабатын төсеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.