RSS лента

Министрлік бағаны өсірмеуге шақырды

  • 02.08.2024, 09:01,
  • 725
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жыл сайын мектептер арқылы қолдауға мұқтаж отбасылардағы балаларға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Материалдық көмек киім, оның ішінде мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдарын сатып алуға бөлінеді. Осы мақсатта әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді.


«Жалпыға міндетті білім беру қоры шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан, жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайға тап болған оқушылар да қаржылай көмек алады. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың шот карталарына ақша аудару механизмін жетілдіру шараларын қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды», – деп атап өтті спикер.

 

Сондай-ақ министрлік жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесін шешті. Енді әрбір білім алушыға киім, кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін қаржылық қолдаудың ең төменгі көлемі белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек. Осы жылы бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, бұл материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы тиіс дегенді білдіреді. Соңғы 3 жылда барлық өңірдегі сома 2,5 есе өсті. Көмек алу үшін ата-аналар мектеп директорының атына өтініш жазып, содан кейін сатып алған тауарлардың түбіртектерін ұсынуы керек. Бүгінгі таңда ата-аналардың шоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылып, 77 806 бала қамтылды.

 

«Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлердің әкімдіктері мен «Атамекен» ҰКП-нан мектеп керек-жарақтарын сату бойынша жәрмеңкелер, оның ішінде көшпелі жәрмеңкелер ұйымдастыруды сұраймыз. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу маңызды шарт болып табылады», - деп, ведомство өкілі бизнеске үндеу жолдады.

 

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости