RSS лента

494,3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

  • 23.05.2023, 09:57,
  • 493
  • 0
  • Автор:
Автор фото: egov.kz

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 494,3 мыңнан астам қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.


АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.


Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша ақшалай төлем түріне ауыстырылды.


2023  жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.


Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости