RSS лента

Интернет неге қымбат?

  • 29.05.2024, 09:17,
  • 211
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Жуырда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 1 шілдеден бастап мобильді интернет құнының өсетіндігін хабарлаған болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осыған байланысты компанияның баспасөз өкілі Сара Бакирова «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкийдің атынан түсініктеме берген еді. Оның айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ алдағы тарифтерді түзетуге қатысты сауалдарға жауап ретінде компания 01.07.2024 жылдан бастап жекелеген (мұрағаттық) тарифтік жоспарлардың құнын өсіру жағына қарай қайта қарастыратынын айтады. Бұл туралы atr.kz жазады. Атап өтетін маңызды жәйт, тарифтік жоспарларды түзету компания абоненттерінің 10% аз көлеміне ғана қатысты болмақ.

 

– Бұл ретте компанияның іс-әрекеттері қолданыстағы заңнаманың, атап айтқанда ҚР «Байланыс туралы» Заңының талаптарына жауап беретінін атап өтеміз. Сонымен қатар, компания абоненттерінің көпшілігі кезінде бағаны сақтаудың ұзақ мерзімді кепілдігі бар тарифтерді таңдағандықтан, тарифтердің қымбаттауынан сақтандырылғанын атап өтеміз. Бағаны (келісімшартты) сақтаудың ұзақ мерзімді кепілдігі бар пакеттерді қосқан кезде компания абонентке келісімшарт кезеңіне тарифті бекітуге кепілдік береді, яғни келісімшарт кезеңінде тарифтер сыртқы шарттарға қарамастан өзгеріссіз қалады. Компанияда бағаны 3 жылға дейін сақтау кепілдігімен тарифтік жоспарлар іске асырылды, – деді И.Погребицкий.


Айта кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелекомға» ескерту жасаған болатын. Онда қызмет құны тек шығынға сай белгіленетіні және компанияның заңға қайшы әрекет жасамақ болғаны туралы айтылған. Ал «Қазақтелеком» 51 тарифтік жоспардың бағасын 5500-11 000 теңге аралығында бекітпек. Бұл өзгерістің үйдегі интернет пен ALTEL және Kcell байланыс операторларының тарифтеріне де қатысы бар.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости