RSS лента

Ұялы байланыс ай сайын қымбаттауда...

  • 21.07.2023, 18:39,
  • 522
  • 0
  • Автор:
Автор фото: futuretechnol.com

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов атап өткендей, қазіргі уақытта монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

    «Операторлардың тарифтерді өсіру туралы хабарламаларына келетін болсақ, қазіргі уақытта Агенттік өз құзыреті аясында тиісті жұмыс жүргізуде: сұрау салулар жолданды, бағалар мониторингі жүргізілуде. Бірақ, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады», – деді Б.Сәмбетов.

 

Оның айтуынша, тарифтерді негізсіз көтеру фактілері болған жағдайда, заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

ӘҚБтК-нің 159-бабына сәйкес нарық субъектiлерiнiң өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы терiс пайдалануы монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости