RSS лента

Негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу – революциялық қадам

  • 27.01.2023, 04:02,
  • 283
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жаңалықтарының бірі негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл ретте олар қылмыстық жауапкершілік енгізуге дейін осы норманы күшейтуге тырыспақ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді.


Д. Смағұловтың айтуынша, негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу - бұл мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы принципті саясатын айғақтайтын революциялық қадам. 


«Бұл құрал көптеген дамыған елдерде бұрыннан бар және Қазақстан 2008 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясында қарастырылған», - деді спикер. 


Д.Смағұлов енді негізсіз байығаны үшін фискалдық және мансаптық санкцияларды қолдану мүмкіндігі барын еске салып, қоғам тарапынан келесі қадам қылмыстық жауапкершілікті енгізу болатынын атап өтті. 


«Қазір адамда 10 мың АЕК-тен артық сәйкессіздіктер болса, яғни табысы мен пайдаланатын мүлкі сәйкес болсаса, оның мүлкі бюджетке тәркіленеді және ол мемлекеттік қызметтен босатылады. Біз бұл бастапқы шара, оны алдағы уақытта күшейту керек деп санаймыз. Қоғам ретінде біз енді қылмыстық жауапкершілікті енгізу үшін шаралар қабылдай», - деді спикер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости